Қысқы олимпиада: қазақстандық спортшылардың 17 ақпандағы жарыс кестесі

Қысқы олимпиада, Бейжің олимпиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 09:12 Сурет: olympic.kz
2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындары бағдарламасының 14-күні Қазақстан тек бір ғана спорт түрінен өнер көрсетеді. Жарысқа екі конькиші: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова шығады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандық спортшылар 1000 метр қашықтықта Олимпиада жүлделерін сарапқа салады. Финалдық жарыстар 14:30-да басталады.

Алдымен Ұлттық коньки тебу стадионының мұз айдынына Надежда Морозова шығады. Алтыншы жұпта ол канадалық Мэддисон Перманмен сайысқа түседі.

Одан кейін жарыс алаңына Екатерина Айдова шығады, ол Сочи олимпиадасының вице-чемпионы – ресейлік Ольга Фаткулинамен бәсекеге түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: