Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев орыс тіліндегі сұхбаты жайлы: Бұл ешқандай да кемсіту емес

Сұхбат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2022 20:55 Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғалары туралы алғашқы сұхбатын неге орыс тілінде бергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұхбат барысында телеарна тілшісі Мемлекет басшысының алғашқы сұхбаты орыс тілінде болғанын айта келе, мұның қазақ тілін кемсіту емес пе екендігін сұрады.

Бұл ешқандай кемсіту емес. Ешқандай менсінбеушілік те емес деп айтуға болады.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол көптеген арна осыған дейін өзінен бірнеше рет сұхбат беруді сұрағанын баса айтты.

Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек «Хабар» арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты. Соларға тоқтау салу керек болды. Ол сұхбат ең алдымен әлем жұртшылығына Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпарат беру үшін жасалды. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатымды кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Қазақстан Президенті

Мемлекет басшысы қалай болса да, орыс тілі - Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі екенін атап өтті.

Оны мойындауымыз керек. Ал қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар. Жалпы мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан ең алдымен өзіміз оған құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: