Семейде қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен

Жедел жәрдем Сурет: Zakon.kz
Семейде қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қайғылы оқиға 16 ақпанда Семей қаласының 1-шағынауданында болды. Полицияға куәгерлер қоңырау шалып, жергілікті тұрғынның тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болғанын хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.ШҚО ПД баспасөз қызметі

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сай жариялауға ​​жатпайтыны атап өтілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз