Америкалықтар 38 жылдан кейін алғаш рет қатты құрғақшылыққа тап келді

Ауа райы Сурет: pixabay
Калифорнияда қаңтар айында жаңбыр да жаумай, қар да түспегендіктен 1984 жылдан бері ең алғаш рет құрғақшылық орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер алдағы үш айда да қатты жауын-шашын болмайды деп болжайды, деп хабарлайды lenta.ru. Ресми мәліметтерге сәйкес, құрғақшылық штат аумағының 99,57%-ін қамтыды.

Калифорниядағы және АҚШ-тың басқа штаттарындағы құрғақшылық су ресурстарының тартылуына, орман өрті қаупінің артуына және температураның жоғарылауына әкеліп соғуы мүмкін. Калифорнияда жаңбыр мен қардың жыл бойына түсетін көлемінің тең жартысы желтоқсаннан ақпан айы аралығында түсіп қояды. Қаңтарда жауын-шашынның мүлде болмауы көңілсіз болжамдар жасауға итермелеп отыр.

Жылдың басында нөсер жаңбыр мен қалың қар жауып, құрғақшылықтың жойқын салдарын болдырмауға болады деген үміт сыйлап еді. Алайда, содан кейін жауын-шашын күрт тыйылып, құрғақ қаңтар Калифорнияда жыл басында пайда болған барлық артықшылықтардың күшін жойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз