Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ – қырғыз шекарасындағы жағдайға түсінік берді

Кедендік тексеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2022 18:04 Сурет: Zakon.kz
Жыл басынан бері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына қытай өндірісінің халық тұтынатын тауарлары импортының төрт есе өсуі байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz

Комитеттегілер тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүргізілетін тақырыптық салықтық тексерулер шеңберінде тауарға ілеспе құжаттарда  көрсетілмеген, негізінен Қытай өндірісіндегі, қымбат және салықты көп қажет ететін тауарлар анықталатынын (оның ішінде таңбаланбаған тондар, электрондық сигареттер, брендтік тауарлар және т.б.) нақтылады.

Тақырыптық салықтық тексерулер Қазақстан Республикасының аумағында арнайы бөлінген орындарда жүргізілетінін, шекарада тексеру іс-шаралары жүзеге асырылмайтынын атап өту қажет.

2022 жылдың 15-16 ақпанында Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сауда ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының отырысында жүргізілген тексерулер санын қысқарту мәселесі талқыланды, бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі 16 ақпаннан бастап экспорттаушыларда ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде тасымалданатын тауарға электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) болуын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Тасымалданатын тауарға ЭШФ болған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс органдары бақылау іс-шараларын өткізбейді.

Өз кезегінде, кездесу барысында тараптар тауарларды экспорттау кезінде ЭШФ болмауы экспорттаушының салық төлеуден жалтару мақсатында сату фактісін жасыру ниетін білдіреді, бұл екі елдің бюджеттерінің жоғалуына әкеледі, сондай-ақ адал кәсіпкерлер мен өндірушілерді тең емес бәсекелестік жағдайларға қояды деген ортақ пікірге келді.

Осыған байланысты қырғыз экспорттаушыларында ЭШФ болмаған жағдайда тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, қырғыз тарапы қол жеткізілген уағдаластықты сақтамайды.

Мысалы, 16-18 ақпан аралығында Қырғыз Республикасынан халық тұтынатын тауарлары бар 223 жүк автокөлік құралы жүріп өтті, бұл ретте тексеру жүргізбей жүру маршруты бойынша жүріп өткен 1 ғана автокөлік құрал бойынша ЭШФ ұсынылған. 222 автокөлік құралдары бойынша ЭШФ берілмеген, осыған байланысты оларға қатысты тақырыптық салықтық тексерулер жүргізіледі. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

Қырғыз тарапының қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтамау фактісі бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті қырғыз әріптестеріне қырғыз экспорттаушыларында ЭШФ бар болуын бақылауды күшейту қажеттілігі және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі туралы хат жолдады, бұл жүргізілетін тексерулер санын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өз тарапынан, тексеру жүргізуге қалыптасқан кезекті қысқарту мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері күшейтілген режимге көшірілді – тексерулер саны орташа есеппен күніне 10 автокөлік құралдарынан 30-ға дейін көбейтілді.

Айта кету керек, бұған дейін БАҚ Қазақстан – Қырғыз шекарасында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы материал жарияланған болатын.

Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер комитеті жарияланған бейнематериалдарда, шекараны кесіп өтуге кедергі келтірмейтін, Қордай ауылында орналасқан тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу орындарынан кадрлар көрсетілді деп хабарлайды.

Қазіргі уақытта тікелей Қазақстан – Қырғыз шекарасында жүк автокөлік құралдарының жиналуы жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: