Ақ үй Россияның Украинаға шабуылдауға дайындалып жатқанын тағы мәлімдеді

Ресей, АҚШ, Украина Сурет: pixabay
21 ақпанда Ресей мен АҚШ президенттері Франция президентінің Украинадағы жағдай бойынша саммитте кездесу туралы ұсынысына келіскені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz

АҚШ әкімшілігі Ресей Украинаға «толық масштабты басып кіруге» дайындықты жалғастырып жатыр деп санайды, Вашингтонның пікірінше, Ресей үнемі теріске шығарып, мойындамай келе жатқанымен, ол шабуыл жақын арада болады, деп мәлімдейді РИА Новости.

Бұған дейін Батыс елдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының мұндай болжамы орындалған жоқ, ал Ресей Украина төңірегіндегі жағдайды ушықтыру жоспары туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.

Әзірге Ресей жақын арада Украинаға басып кіруге дайындықты жалғастырып жатқан сияқты. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки

21 ақпанда Ресей мен АҚШ президенттері Франция президентінің Украинадағы жағдай бойынша саммитте кездесу туралы ұсынысына келіскені белгілі болды. Елисей сарайы саммиттің «Ресей Украинаға басып кірмейтін болса ғана» өтуі мүмкін екенін мәлім етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз