Жаңалықтар тізбегі
0

«Маугли» балалар: сот тергеуі аяқталды

Маугли балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2022 10:39 Сурет: Instagram/ poiskoviki_pvl_vita
Екібастұздағы пәтерлердің бірінен еріктілер 2014, 2016, 2017 және 2018 жылы туған төрт баланы тапқан еді. Қазір олар ауруханада. Бірқатар жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz
Іс жүргізу нәтижесінде Екібастұз қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары С.Көжелдақов қызметінен босатылса, қызметтік тергеу барысында Екібастұз қаласы білім бөлімінің басшысы С.Майдисаров отставкаға кетті.Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.Маликоваға, Ақсу қалалық ауруханасының дәрігерлік амбулаториясының ЖТД меңгерушісі Б.Нұралдиноваға және Екібастұз қаласы Теміржол министрлігінің аудандық бөліміне Б.Кишеваға қатаң сөгіс жарияланды.

Екібастұз қаласы білім бөлімінің бас маманы Н.Байғұрманова, Ақсу қалалық ауруханасының директоры М.Мұқашев, «Жеңілдік» ӨК учаскелік дәрігері М.Алханова, «Жеңілдік» ӨК учаскелік медбикелері А.Сманқұлова және А.Жұмалиденова сөгіс алды.

Екібастұз қаласының №2 емханасының учаскелік дәрігері Н.Аждарова мен учаскелік медбикесі Б.Ботагөзоваға сөгіс жарияланды.

Екібастұз қалалық жергілікті полиция бастығы Т.Құдайбергеновке қызметтік міндеттерді мүлтіксіз орындау жайында ескерту жасалды. Екібастұз қалалық ІІБ бастығы Қ.Шақарғалиев қарамағындағылардың жұмысындағы кемшіліктерге тоқталды.

Еске сала кетейік, Екібастұздағы пәтерлердің бірінен волонтерлар 2014, 2016, 2017 және 2018 жылы туған төрт нәрестені тапқан еді. Кейіннен Облыстық денсаулық сақтау басқармасы олардың жағдайы қандай екенін айтты.

Балалардың барлығы ауырады, жүре алмайды. Қыздың іші үлкен болып ісіп кеткен. Ұлдардың бірі екі күннен бері құсып жатыр. Ал екі үлкен баланың аяқ-қолы қисайып кеткен. Балалар үш күннен бері тамақ ішпеген. Дәрігерлер пәтерге дереу барып, балаларды анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Киім-кешек, аяқ киім болмағандықтан балаларды қолдан келгенше бүркеп, киіндіріп, үйден алып шықты.Еріктілер

Екібастұз қаласының әкімдігінің мәліметінше, балалардың анасы 1994 жылы туған. Ал балалардың әкесі жұмыс істемейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: