Аргентинада 800 мың гектар орман өртеніп жатыр

орман Сурет: pixabay
Қатты жел мен ыстық ауа райы өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аргентинаның солтүстік-шығысында 800 мың гектар орман өртеніп жатыр. Бұл – ел тарихындағы ең үлкен өрт. Ал метеорологтар ауа райы бұдан да ыстық болатынын ескертті.

Жалын тез таралып жатыр. Жалын тәулігіне 30 мың гектарға жуық жерді алып кеткен деп жазды TSN.Ranok.

Мыңнан астам өрт сөндіруші мен әскер әлі күнге дейін өртті ауыздықтай алмай отыр. Себебі қатты жел мен ыстық кедергі болып жатқан көрінеді. Оның үстіне өрт орманның әр жерінен шығып жатыр.

Қазірдің өзінде облыстың 10%-дан астамы өртеніп кеткен. Елдегі ең үлкен ұлттық саябақтардың бірі – Ибераға қауіп төніп тұр. Метеорологтар апта соңына дейін ауа райы күрт ыситынын ескертті. Облысты экологиялық апат аймағы деп жариялады. Шаруалар малдарын эвакуациялап жатыр. Бірақ адам ауласына әзірше қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз