Жазира Байырбекова: Ұрлығым үшін Алладан кешірім сұраймын

Жазира Байырбекова Сурет: instagram/zhazira_bairbekova
Әнші Жазира Байырбекова өзінің Instagram-дағы парақшасында 1996 жылы болған естелігін жазып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші тұңғыш ұлы Қазбекке жүкті кезінде болған оқиғасын жазып, ағынан жарылды.

Ол кезде Қазбекке аяғым ауыр еді. Жанболат оқушылар сарайында жұмыс істеп жүрген. Ал мен студентпін. Бірнеше айдан бері айлық берілмеді. Азық-түлік алуға ақшамыз жоқ. Таудан алма теріп әкеліп, жеп жүрдік. Одан басқа ештеңе жемегенімізге 2-3 күн болған, – деп жазды әнші.

Сол жылдары Жазира мен Жанболат әжейдің үйінде 1 бөлмесін жалдап, тұрған екен. Жазира Байырбекова бір күні әжейдің пісірген тамағын өзіне айтпай жегені үшін ұялатынын жазды.

Орыс әжейдің үйінің бір бөлмесін жалдап тұрамыз. Бір күні әжей иісін шығарып ет пен картоп қуырды. Мен жерік едім. Иісін иіскеп, жегім келгеннен жылағым келді. Әжей тамағын жеп болып, далаға шығып кеткен кезде шыдай алмай 2-3 түйір піскен картобын ұрлап жегенім есіме түсіп кетті. Қазір ұялып отырмын. Сол ұрлығым үшін Алладан кешірім сұраймын.Жазира Байырбекова

«Сол күні кешке терезеден қарасам Жанболат жұмыстан келе жатыр. Бір қолында бір бөлке нан, екінші қолында қауын бар. Екі қолын көтеріп көрсетіп қояды. Сол нан мен қауын үшін бақытты болып қуанғаным есімде», – деп аяқтады әңгімесін әнші.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз