Тоқаев пен Путин Украина маңындағы жағдайлар туралы сөйлесті

Украинадағы жағдай Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтты. Ресей Президенті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Путин өз-өзінің егемендігін жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы шешім қабылдады
. Бұл туралы ол 21 ақпанда ресейліктерге жолдаған үндеуінде мәлімдеді.

Әлемдік саясаткерлер Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы шешіміне бірден реакция білдірді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Германия "Солтүстік ағын – 2-ні" сертификаттауды доғару туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз