АЭС бізге базалық қуатты толығымен тұрақты қамтамасыз ету үшін керек – Дәрібаев
Сурет: pixabay
АЭС салудың тиімді жақтары туралы ҚР Энергетика министрлігіне қарасты электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту туралы» дөңгелек үстел отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
АЭС-тың қажеттелігін айтып өтейін. Қазір біз 114 млрд кВт сағат электр энегриясын шығарған болсақ, оның өзінде біз дефицитке тап болдық. Бар станциялардың мүмкіндігі 114 кВт сағат электр энергиясын өндіруге жетті. Болжамды теңгерімге сәйкес, 2035 жылы экономиканың қажеттелігін қанағаттандыру үшін 152 млрд кВт сағат электр энергиясын өндіруіміз қажет. ҚР Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев
Министрлік өкілі ескі станцияларды қанша жамағанымен, «олар бізге қажетті 152 млрд кВт сағат электр энергиясын бере алмайтынын» алға тартты.
Оның мәлімдеуінше, елімізде 214 электр станциясы бар. Олар 30 жылдан астам уақыт тоқтамастан жұмыс істеп тұр. Тозығы жеткен. Жыл сайын жаңадан қаржы салынбаса, көрсеткіш жылдан жылға өсе береді.
Қазіргі таңда жаңартылатын көздерден пайдаланылатын электр станциялары көп мөлшерде қосылып жатыр. Моневрлық режимде жұмыс істейтін станциялардың аздығына байланысты станциялардың барлығын кешкі уақытта толығымен пайдалана алмаймыз. Күн энергиясын пайдаланатын станциялар кешкі уақытта жұмыс істемейді.Айдос Дәрібаев
Оның айтуынша, станциялардың 70%-ы электр энергиясын көмір арқылы өндіреді. Бұл Қазақстан қол қойған Париж келісіміне қайшы.
Бұл Париж келісіміне зиянын тигізеді. Оны да азайтуымыз керек. Оның үстіне қазіргі станцияларды 2035 жылға дейін ұстауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан бізге жаңа генерация керек, оның ішінде жаңартылған энегрия көздерінен. Ең бастысы атом станциясы бізге базалық қуатты толығымен тұрақты қамтамасыз ету үшін қажет.Айдос Дәрібаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript