Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Энергетика министрі атом энергетикасын дамыту қажет екенін айтты

ҚР Ұлттық энергетика министрлігі, электр қуаты, АЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 12:20 Сурет: pixabay
25 наурызда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім туралы баяндап, Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты атом энергетикасын дамыту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брифинг барысында Болат Ақшолақов 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленгенін, оның шеңберінде электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамды мәндерін, жаңа өндіруші қуаттарды іске қосудың қажетті көлемі мен құрылымын есептей отырып, энергетикалық кешенді дамытуды модельдеу орындалғанын атап өтті.

2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд. кВт сағат болады. Бұл ретте бірқатар объективті себептер бойынша (пайдаланудан шығару, тозудың ұлғаюы, экологиялық санкциялардың ұлғаюы) қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған энергия көздерін генерациялау төмендеді және 89 млрд кВтсағ-тан кем болады.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Ведомство басшысы қолданыстағы энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттіліктерін өтей алмайтынын айта келе, 2035 жылға қарай электр жүктемелерін жабу үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаппай енгізуді қамтамасыз ету талап етілетінін атап қтті. Олардың негізгілері – төмен көміртекті генерация көздері, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану жөніндегі объектілер.

 

Сонымен қатар генерациялау секторына экологиялық әсерді төмендету бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту (2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейге қарағанда 15%-ға төмендету), 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша бірқатар факторлар әсер ететінін атап өту қажет.Болат Ақшолақов

 

Ол елдің энергия жүйесінің тұрақты жұмысы үшін базалық генерацияны енгізу қажеттілігі, белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмен көрсеткіші және ЖЭК генерациясының тұрақсыздығы, көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібі және Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелері Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне итермелейтінін атап өтті.

 

Осыған байланысты энергия теңгерімі дәстүрлі және ЖЭК қуаттарын өсірумен қатар АЭС-тен генерацияны енгізу сценарийін қарастыруда.Болат Ақшолақов

 

Мамандардың бағалауы бойынша 2035 жылға қарай іске қосуға қажетті жаңа энергетикалық қуаттардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:

  • 5 кВт-тан астам газ өндіру;

  • 2 ГВт-тан астам гидроэлектр станциялары;

  • 1,5 ГВт көмір генерациясы;

  • 6 ГВт астам жаңартылатын энергия көздері;

  • 2 ГВт астам атом генерациясы.

 

Бұл энергия жүйесінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуден тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, базалық та, реттеу де қуатының тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.Болат Ақшолақов

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: