Қаңтар бүлігінен кейін ұсталған 6 адам уақытша тергеу изоляторында қайтыс болды

Уақытша тергеу изоляторы, Бас прокуратура, азаптау, қаңтар оқиғасы Сурет: Zakon.kz
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты азаматтың азаптаудан көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында айтты.

Біздің мәліметіміз бойынша, осындай жағдайда (азапталған) Алматыдағы уақытша қамау изоляторында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам, Талдықорғанда 1 адам қайтыс болған. Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров

Сондай-ақ ол үтікпен азапталған Талдықорғандағы тергеу изоляторында отырған адамның азапталуы туралы резонансты істің қолға алынғанын мәлімдеді.

Тергеу жалғасып жатыр, оның нәтижелерін міндетті түрде хабарлаймыз. Бірақ мұндай қылмыстар жаппай болып жатыр деп айта алмаймын.Ризабек Ожаров

Еске салсақ, арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық тергеу тобы 91 қылмыстық істі тергеп жатқанын, аталған істерді тергеу аясында сот санкциясымен 469 тұлға қамауда отырғанын жазған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз