Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралында қарсы алды

Қайрат Нұртас, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2022 12:10 Сурет: instagram/kair_n
25 ақпан – Қайрат Нұртастың туған күні. Бүгін әнші 33 жасқа толып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайрат Нұртас 33 жасын Мальдив аралында қарсы алды. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасына тікелей эфирден видео жариялап, туған күн басталғанын хабарлады.

«Туған күн басталды. Әлхамдулиллә!» – деп жазды әнші

Видеода әншінің анасы, достары оны туған күнімен құттықтап жатыр. Барда ән айтатын қыз Қайратты туған күнімен ағылшынша әндетіп құттықтады. Видеода Қайрат «Қазақ елі, баршаға рақмет! Мен сіздерді жақсы көремін» деді.

«Алла сіздерге ұзақ ғұмыр берсін. Менікіндей сияқты достарыңыз көп болсын. Анашыма рақмет! Туған күнімде енді осында концерт беремін. Аюша, Сезім, Алау, Нарұл, Жұлдызға сәлем!» – деді әнші тікелей эфирде.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да тұңғышын туған күнімен құттықтап, тілегін жаудырды.

«Тұла бойым тұңғышым, құлыным, туған күнің құтты болсын! Өмірің ұзақ та мәнді болып, Алла саған бақ берсін! Өзіңнің жүрегің мейірімге толы, халықтың махаббатына бөленген ерекше ұл болғандығыңнан болар, жылда туған күнің ерекшелігімен өтуін Алла жазған болар. Әкең екеуіміз екі дүниеде разымыз, жаным!» – деп жазды әншінің анасы Instagram-дағы парақшасына.

Әншінің парақшасына тыңдарманы, оқырманы түрлі пікір жазып жатыр:

  • Қасында бала-шағасы жоқ, өкінішті.

  • Туған күніңізбен! Ақшаны шетелге шашқанша небір ауру балаларға беріп, неге сауабын алмасқа?

  • Қайреке, біз бара алмадық, ренжіме!

  • Әлі бойдақ сияқты жүр ғой мынау, Жұлдыз қайда?

  • Қазақтың біртуар азаматы Қайратымыздың туған күні құтты болсын! Бақытты бол алтын бала! Біз саған тек бақыт тілейміз!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: