Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жаңа төраға тағайындалды

Олжас Бектенов Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Олжас Бектеновтің еңбек өтілі:

  • Алматы қаласы Әділет департаментінде бөлімнің бас маманы (2002-2006);

  • ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы (2006);

  • ҚР Президентінің Әкімшілігіндегі жұмыс;

  • ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;

  • Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы (01.2015-07.2015);

  • Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі (07.2015-2016 ж.);

  • 2019 жылдың маусымынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз