Паралимпиада-2022: Қазақстан құрамасы Бейжіңге ұшып кетті

Паралимпиада-2022 Сурет: Zakon.kz
Бүгін түнде Қазақстан құрамасы Алматыдан арнайы рейспен XIII қысқы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін Бейжіңге аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай астанасында Паралимпиада ойындарының барлық қатысушылары мен қонақтары алдымен ПТР-тест тапсырады, одан кейін әуежайдан шығып Атлеттер ауылына алыс жолға шығады, сонда олар діттіген жеріне шамамен Нұр-Cұлтан уақыты бойынша түскі ас кезінде жетеді деп болжанады.

Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың үш түрінен (бір алтын, үш күміс және бір қола) бес медаль жеңіп алып, тамаша жетістік көрсетті.

Қысқы Паралимпиада тарихында қазақстандық атлеттер пара-шаңғы жарысында екі медаль жеңіп алған. 1994 жылы Любовь Воробьева күміс жүлдені еншілесе, ал 2018 жылы Александр Колядин осы жетістікті қайталады.

2018 жылғы Паралимпиада чемпионы Колядин Бейжіңдегі 2022 жылғы ойындарға қатыспайды, өйткені ол допинг қолданғаны үшін жарыстан белгілі бір мерзімге шеттетілген ( 2020 жылдың желтоқсанында жарыстан тыс бақылау аясында одан алынған сынамадан допинг анықталды).

Бейжің-2022 XIII қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді. Биыл Паралимпиада ойындарында 50 мемлекеттен келген ең үздік 700-ден астам спортшы қатысады.

Ұлттық Паралимпиада құрамасына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин и Денис Петренко. Қазақстан паралимпиадашылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: пара биатлон және пара шаңғы.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де өтеді. Әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығады. 

       

           

 

       

     

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз