Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді – сарапшы болжамы

Экономикалық болжам, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2022 15:58 Сурет: Никита Шаталовтың жеке мұрағатынан алынды
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Никита Шаталовтың пікірінше, Ресей-Украина қақтығысы әлемдегі барлық ірі ойыншылар үшін ауыр экономикалық соққы береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей-Украина қақтығысының Қазақстанға әсеріне қатысты ҚСЗИ сарапшысы пікір білдірді.

Біз Украинадағы әскери іс-қимылдардың теңге бағамына қалай әсер еткенін көріп отырмыз: тарихи минимумға қол жеткізілді. Қазір аздап аптық басылды, бірақ бұл алда жағдай нашарламайды дегенді білдірмейді, өйткені Батыс санкциялармен әлі маневр жасай алады. Біз Германия, Франция және АҚШ-тың Ресейді SWIFT-тен шығаруға әзірленіп жатқанын көріп отырмыз. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Никита Шаталов

Ресейдің мемлекеттік қарызына қарсы санкциялар да салынуы мүмкін. Бұл туралы жоғары мінберден айтылды. Мұндай жағдайларда рубль бағамы болжау өте қиын құлдырауға ұшырайды, оның артынан теңге де кетеді, - дейді сарапшы.

Никита Шаталовтың айтуынша, біздің ішкі өндірушілерімізді түбегейлі тұншықтырып алмас үшін теңге мен рубль арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігі бар. 2015 жылы тепе-теңдікті бұзу салдарынан қазақстандық ақшаның көп бөлігі Ресейге кеткенін көрдік, өйткені біздің азаматтар үшін ресейлік тауарлар, жылжымайтын мүлік және автомобильдер арзан болып қалды. Міне, осындайға жол беруге болмайды, сондықтан да сол кезде теңгенің құбылмалы бағамы енгізілді.

Қазір жағдай, әрине, басқаша, оның ішінде экономикада. Бірақ бұл іргелі реформаларсыз болмайтынын тағы айғақтайтын жағдай, деп атап өткен Шаталов бұл оқиғалардың барлығы ҚР Президентінің Жолдауы алдында аз уақыт бұрын орын алып жатқанын еске салды.

Реформаларды әзірлеуге жауапты блоктың алдында қазір экономикамызды теңгерімсіздіктерден арылту және сыртқа аз дәрежеде тәуелді болу үшін тез арада экономиканы әртараптандыру міндеті тұр. Дегенмен, мойындау керек, кез-келген жағдайды толықтай бақылауға алған деген бола бермейді. Бұл жерде Қазақстан барынша өзіне тиімді позиция ұстанатынын атап өту маңызды. Бізге Батыс әріптестерімізбен арадағы экономикалық ынтымақтастық маңызды. Бұл жалпы аймақтағы экономикалық санкциялардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Никита Шаталов

Ресейге қарсы батыс санкцияларына ықтимал қандай да бір ұжымдық жауап түріндегі келіссөздерге Қазақстан қатысуға ниетті емес, деп атап өтті сарапшы

"Біз, өкінішке қарай, қақтығыстың арты не болатынын болжай алмаймыз. Зеленский де, Путин де өз позицияларын белгіледі – олар Украинаның бейтарап мәртебесі туралы келіссөздерге дайын", - дейді ол.

Бірақ қақтығыстың ушығуының себептері ауыр әрі барлық жайт Ресей мен Батыстың қарым-қатынасы, олардың қауіпсіздік саласындағы қарсылықтары аясында қарастырылады. Егер бұл қатынастар қалыпқа келтірілсе, онда Ресей-Украина қайшылықтары біртіндеп жойылады. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, қақтығысты реттеудің оңтайлы алаңы мандатының кеңдігі мен барлық мүдделі тараптардың тартыла алатындығына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы бола алар еді. Никита Шаталов

Бұл қақтығыс әлемдегі барлық ірі ойыншылар үшін ауыр экономикалық салдарға әкеліп соғады. Оның үстіне коронавирусқа байланысты дағдарыс әлі аяқтала қоймағанын есепке алыңыз, - дейді сарапшы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: