Украинада қалып кеткен отандық жүк көліктерінің орналасқан жері белгілі болды

Эвакуация Сурет: pixabay
Украина аумағында қалып кеткен қазақстандық жүк көліктері ел билігінен көмек сұрады. Бұл мәселені «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз назарына алып, жинақталған деректерді уәкілетті органдарға жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz
"Қазірдің өзінде 50 ауыр жүк көлігінің жүргізушісі "Атамекен" ҰКП-ға Украинадағы өзінің орналасқан жері туралы деректерді жолдады. Олардың көпшілігінде жүк тиелген, жүргізушілері көліктерін тастап, өз бетімен елден ұшып кете алмайды. 25 ақпанда ҰКП Сыртқы істер, сауда министрліктеріне және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хат жолдап, қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан Польша, Беларусь Республикасы арқылы шығуы үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз ету мәселесін Ресей, Беларусь, Украина, Польша  және басқа да тараптармен пысықтауды сұрадық", – делінген «Атамекен» ҰКП-ның Телеграмм-арнасында.

Сондай-ақ жүргізушілер туралы мәліметтерді жинауды әлі жалғастырып жатқанын айтқан палата Украинадан шыға алмай қалған кәсіпкерлер болса, жеке деректерін +7 778-870-1432 (ҰКП call-орталығы) нөміріне жіберуге болатынын хабарлайды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз