Жаңалықтар тізбегі
0

Білім министрлігі сұрақтарға жауап беретін жаңа жобаны таныстырды

компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 16:21 Сурет: pixabay
«Желіге шолу» - Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі жаңа жобасы. Мақсаты – желі қолданушылары жазған пікірге, сұрақтарға жауап беру, көпшілікке ақпаратты түсінікті тілде жеткізу, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы шығарылымда Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев және «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Аризона университетінде білім алған қазақстандықтар елімізде Аризона университеті филиалының ашылуына қатысты оқырманның сұрақтарына жауап береді. Олар оқу тәжірибесі және қазақстандықтарға сапалы, халықаралық жоғары білімнің қолжетімділігі бойынша қандай мүмкіндіктер берілгені туралы айтты.

«Болашақ» бағдарламасының түлектері қазіргі талапкерлерге университет таңдау аясы кеңейгенін айтты. Мысалы, Ардақ Қасанова есімді желі қолданушысы Аризона университеті жайындағы постқа: «Сол универге қарапайым халықтың балалары қалай түседі?»,-деген пікір қалдырыпты. Бұл сұраққа Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жауап берді. Оның айтуынша, бұл жоба негізінен қарапайым балаларға арналған.

Ең бастысы балалар ағылшын тілін білуі керек. Аризона университетінің арнайы емтиханы болады,- дейді вице-министр.

Сонымен бірге Білім және ғылым вице-министрі мемлекет тарапынан гранттар бөлінетінін мәлімдеді. Ақылы оқуға да мүмкіндік бар.

Қазір қарасаңыздар, Қазақстанда оқимын десеңіз көптеген жақсы университеттеріміз бар. Шетелге барамын десеңіз, «Болашақ» бағдарламасы бар. Президентіміздің тапсырмасы бойынша британиялық университеттердің, Ресей университеттерінің филиалдары ашылып жатыр. Қазіргі жастарға оқуға, еңбек етуге, білім алуға барлық жағдай жасалды, - дейді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: