Алматы облысында марал атқан браконьерлер ұсталды

браконьер, марал, Алматы облысы, Шалкөде Сурет: pixabay
2022 жылғы 27 ақпанда Алматы облысында Охотзоопром инспекторлары марал атқан браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Охотзоопром инспекторлары Сүмбе шекара қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп табиғатты қорғау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында марал атқан браконьерлерді анықтады.

Инспекторлар Алматы облысы Райымбек ауданы Шалкөде ауылында Шкода және Хонда автокөліктерін тоқтатып, тексеру жүргізген.

Нәтижесінде Шкода автокөлігінен боршаланған марал етіне ұқсас аңның ұшасы табылды. Сондай-ақ 308 калибрлі Вепрь мылтығы мен патрондары, 7.62 калибрлі қосымшасы бар бір ұңғылы және 16 калибрлі Иж-27 мылтығы, патрондары жоқ карабин анықталды. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің айтуынша, заңсыз аң атқан Раймыбек ауданының екі тұрғынының үстінен ҚР ҚК 337-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, аталған құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз