Медицина бойынша қай елде жемқорлық көп

медицина Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы президенттің «СК-Фармация» базасында медициналық жабдықтарды орталықтандырылған сатып алуға көшуді тапсырғанын еске салды.

Өңірлердің қажеттіліктеріне талдау жүргізіліп, нормативтік-құқықтық база мен ақпараттық жүйелер әзірленеді. Болашақта қаржыландыру көзін анықтай отырып, 2025 жылға дейін басым бағыттар бойынша медициналық техникамен жабдықтау бағдарламасы бекітіледі. Медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу біздің департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексерген кезде бюджет қаражатының ұрлану көздерінің бірі ретінде атап өтіледі. Денсаулық сақтау министрі Ажар ГиниятДенсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша, 2021 жылы 71 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың негізгі үлесін ұрлық, пара алу, қызмет бабын асыра пайдалану фактілері құрайды.

Сонымен бірге медициналық жәрдемақы төлеуге бөлінген қаражаттың игерілуі, мониторингтік топтардың жұмысындағы бұзушылықтар мен жалған вакцина төлқұжаттарын беру фактілері тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, құқық бұзушылықтардың ең көп саны Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына, сонымен қатар Түркістан, Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарына тиесілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз