Жаңалықтар тізбегі
0

Алғыс айту күні: мерекенің тарихы қандай

Алғыс айту күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 12:22 Сурет: Zakon.kz
Алты жылға жуық уақыт бойы қазақстандықтар көктемнің алғашқы күнін «Алғыс айту күні»ретінде тойлап келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғыс айту мейрамы – Қазақстанның барлық тұрғындарының бір-біріне құрмет білдіріп, рақмет айтатын күні. Еліміз 2016 жылдың 1 наурызында алғаш рет бұл күнді тойлай бастады.

Қазақстанның тұңғыш президентінің жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді. Көктемнің алғашқы күніндегі Алғыс айту күнін қазақстандықтардың тойлауының өзіндік себебі бар. 1995 жылдың дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде тұратын барлық этностардың ынтымағы, бірлігі мен достығының символына айналған институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Қазақстанда мұндай мерекені өткізу бастамасы да тұңғыш президентке тиесілі, ол ҚХА-ның XXII сессиясында бұл күн мейірімділіктің, достықтың, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айналуы мүмкін екенін айтқан еді.

2016 жылы 1 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай. ХХ ғасырда Қазақстанда көпэтносты халық қалыптасты. Столыпин реформасы кезіндегі шаруаларды қоныстандыру барысында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтен 1 миллион 150 адам келді. 30-жылдары ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық өңірлерінен тәркілеуге түскен 250 мың шаруа жер аударылды. Осы уақыттары өнеркәсіп нысандарының құрылысына 1,2 миллион адам келді. Сталин режимі кезінде тұтастай бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың корей отбасы Қиыр Шығыстан жер аударылды. Оларды тауар вагондарына тиеп, қақаған қыста ашық далаға әкеп тастады. Ол кездері мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Өздері жоқшылықта отырса да, қазақ отбасылары оларды үйлеріне кіргізді.

Алғыс айту күні өткенге тағзым, жер аудару кезінде көрсеткен көмегі үшін барша халыққа рахмет айтылады. Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімін оятып, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

Алғыс айту күніне орай түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған барлық ұлт өкілі қатысады. Қазақстандағы мереке флешмобтармен, концерттермен, іс-шаралармен сүйемелденеді. Ардагерлермен кездесулер де өткізіліп тұрады. Мысалы, елордада қымыз көрмесі бірнеше рет өтсе, Шымкентте бір апта бойы Алғыс айту күні тойланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: