Теңіз кен орнында орын алған алапат өрт сөндіріліп жатыр
Сурет: видеодан алынды
Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз вахталық кентінде сағат 16:40-та өрт шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы ТЖД-ның қоғаммен байланыс жөніндегі тобының хабарлауынша, өрт кәсіпорынның ашық аумағында орын алған. Өндірістік тұнба өртенген.
ТШО өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, өрт аумағы 200 шаршы метрді құрайды.
Өртті сөндіруге ТШО PASS – 17 қызметкер мен 4 техника және "COCR" ЖШС – 6 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылған.
Құлсары қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен екі техникасы жіберілді (Құлсарыдан қашықтығы - 90 км).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript