Жаңалықтар тізбегі
0

Ғылыми жобалар байқауына қатысқан 59 оқушы грант жеңіп алды

оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 10:40 Сурет: ҚР БҒМ
Шымкентте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті. Енді ең үздік үш жоба АҚШ-та ISEF-2022 Дүниежүзілік ғылым және технологиялар көрмесінде ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зияткерлік сайыс жеңімпаздары қазақстандық жоғары оқу орындарына білім гранттарын жеңіп алды.

Қазылар алқасының шешімімен 336 мектеп оқушысы зияткерлік сайыстың жеңімпазы атанды. Оның ішінде 66 қатысушы І дәрежелі дипломдармен және ҚР БҒМ алтын медальдарымен, 100 қатысушы ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен марапатталды. Байқаудың 175 қатысушысы III дәрежелі диплом мен қола медальға ие болды. Сондай-ақ 68 қатысушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дипломдарымен марапатталды.

59 бала Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Шәкәрім атындағы университеттің білім грантын жеңіп алды.

Еске салайық, ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі 21-25 ақпан аралығында өтті. Байқаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 9-11 сынып аралығындағы 748 бала республикалық турға өтті, оның ішінде 87 оқушы ауылдық жерлерден.

Айта кетейік, 26 гранттың иегері ауыл мектептерінің оқушылары атанса, бір грант ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді.

Биыл байқаудың бірінші кезеңіне 27 мыңнан астам бала қатысты. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда шамамен тоғыз мыңға артық. Мұндай сайыстар балаларымызға өз пәндерін тереңдетіп оқуға, топта жұмыс істеуге, өз мақсаттарын жүзеге асыруға, әлеуметтенуге және басқа аймақтардан жаңа достар табуға көмектеседі. Байқау Шымкентте дәстүрлі форматта өтіп, балалардың барлық жобасы бір залда орналастырылды. Барлығы 16 секция болды.«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: