Президент қазақстандық қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қазақстан, президент, 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналды. Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалғанын, олар білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт,  өндіріс пен құқық қорғау және басқа да салаларда табысты еңбек етіп жатқанын айтты.

Мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдеріміз аз емес. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда. Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады. Асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық. Кез-келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі пен жауапкершілігі айқын аңғарылады. Олар барлық ортада үндестік пен үйлесімді, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ мемлекет басшысы еліміз саяси өзгерістер мен жүйелі жаңғыру кезеңіне қадам басқанын айта келіп, Жаңа Қазақстанды жасауды әйелдерге сенім артатынын атап өтті.

Осы орайда, әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз