Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 10 мыңға жуық әйел ғылым саласында қызмет етеді

ғалым, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2022 09:36 Сурет: ҚР БҒМ
Білім және ғылым министрлігі ғылымдағы әйелдер туралы деректер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің хабарлауынша, елімізде 10 мыңға жуық әйел ғылым саласында қызмет етеді. Оның ішінде 714 әйел – ғылым докторы, 2 427 – ғылым кандидаты, 992 – PhD докторы, 28 – мамандық докторы.

Ғылымдағы әйелдердің бірі – биология ғылымдарының кандидаты, ботаник Ақжүніс Иманбаева. Ол 35 жылын ғылым саласына арнаған. Ақжүніс Иманбаева – ҚР БҒМ ҒК Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағының бас директоры.

Ақжүніс Алтайқызының қызығатын саласы – табиғи флора. Ғалымның жетекшілігімен Қазақстанның 100-ден астам дәрілік және жойылып бара жатқан өсімдіктерінің топтамасы жинақталды. Сонымен қатар директор Маңғышлақ ботаникалық бағында алғашқы гербарий қорын құрды, оның коллекциясында Батыс және Шығыс Қазақстаннан 10 мың өсімдік үлгісі бар.

Біз өсімдіктер топтамаларын жасаймыз, оларды зерттейміз, жинаймыз және егеміз. Гербарийлерді жинаймыз. Бұл - тарих. Бұл - эволюция. Себебі біз кеткенмен, қор жұмысы сақталады. Біз ұрпаққа ақпаратты жеткізуіміз керек. Ботаниктердің басты міндеті – өсімдіктерді қорғау және сақтау, болашақ ұрпаққа ақпарат беру. Егер бұл салада ұлтжанды азаматтар жұмыс істесе, онда ғылым дамиды, – деді ғалым.

Иманбаеваның айтуынша, өзін ғылымға арнағысы келетін адамның бойында болуы керек қасиеттер - іске деген адалдық пен шынайы сүйіспеншілік.

Егер сізге мамандық ұнамаса, онда ол салаға барудың қажеті жоқ. Кез келген ғалым өз ісін жақсы көруі керек, әйтпесе еңбек өнімді болмайды. Мысалы, біздің мамандығымыз күрделі. Кейбіреулер егер ботаник болса, онда ол зертханада отырады деп ойлайды. Ал біз далаға шығамыз, экспедицияларға барамыз. Жолға 12 сағат жұмсаймыз. Лагерьлер құрамыз. Ғимаратта екі-үш күн бойы зерттеу жүргіземіз. Одан бөлек, жаяу бірнеше шақырым жолды еңсереміз, жабайы тоғайларды аралаймыз, әртүрлі өсімдіктермен зерттейміз. Мысалы, өте жағымсыз иісі бар, бірақ пайдалы дәрілік өсімдік феруламен міндетті түрде маска тағып жұмыс істеуіміз керек, – деп түсіндірді Ақжүніс Иманбаева.

Маңғышлақ тәжірибелік ботаникалық бағының соңғы ауқымды жобаларының бірі бау-бақша аумағына субтропиктік пальма ағаштарын көшіру болды. Сондай-ақ қазіргі уақытта зерттеушілер «Қызыл кітапқа» енгізілген «Марена меловаяны» құтқарумен айналысып жатыр.

«Өсімдіктерден біз оттегі, тамақ, киім аламыз деген түсінік бар. Өсімдіктердің жаны мен мінез-құлқы бар. Тікенді өсімдік тістейп алады, ал тәттісі қуаныш сыйлайды. Тәтті өрікті жеген кезіңде жаның жадырайды. Ғасырлық емен қуат береді. Адамдар бақшамызға ағаштарды құшақтап, күш-қуатын толтыру үшін келеді...

Наурыздың алғашқы күндері - бұл барлық адам өсімдіктер сияқты өмірге келіп, гүлденетін мереке. Барша әйелдер қауымын Әйелдердің халықаралық күнімен құттықтаймын! Барлығына бақыт, сұлулық пен қуаныш тілеймін», – деп Иманбаева аруларға мерекелік тілегін айтты.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: