Жаңалықтар тізбегі
0

«Көрсететін ештеңе қалмады» – кинотеатрлар желісінің бас директоры прокат неге тоқтайтынын түсіндірді

кинотеатр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 15:28 Сурет: pixabay
Kinopark-Kinoplexx Theaters бас директоры Алмаз Малдыбаев жоспарланған фильмдердің отандық прокатқа неге шықпайтынын түсіндірді.

Оның айтуынша, алдағы уақытқа жоспарланған фильмдер прокатқа шығатынына ешбір студия кепілдік бермейді. Әңгіме қазақша субтитрі бар орысша дубляждалған «Я краснею» және «Морбиус» сияқты фильмдердің шығарылымы туралы болып отыр. Мұндайда тіпті жазғы, күзгі және қысқы кезеңдерге жоспарланған және дубляж жұмысы әлі аяқталмаған, тіпті басталмаған шығарылымдар туралы айтудың қажеті жоқ деп есептейді Kinopark-Kinoplexx театрларының бас директоры.

Ірі студиялардың фильмдерінің негізгі дубляжы Мәскеу кеңсесі арқылы өтеді. Бір сөзбен олар бұл істі жалғастырмайды дегенді білдіреді. Орташа алғанда дубляж бюджеті 100 мың доллардан 300 мың долларға дейін барады. Елімізде жылына 300-ден сәл астам фильм көрсетілетінін ескерсек, тек дубляжға қандай қаржы кететінін елестетіп көріңізші? Ал Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдер туралы айтсақ, мұнда өзін-өзі ақтау мәселесі мүлдем жоқ.Алмаз Малдыбаев

Алмаз Малдыбаев ресейлік өкілдіктің бұл шығынды жасауы мүлдем орынды емес екенін айтып отыр.

Бұл шығындарды қазақстандық дистрибьюторлар көтере алмайды. Физикалық жағынан да, қаржылық жағынан да. Оның үстіне мұндай күрделі технологиялық процесті қысқа мерзімде ұйымдастыру іс жүзінде мүмкін емес, – деді ол.

Сонымен қатар бас директорға бұрынғы фильмдерді қайта көрсетіп, ескі қазақ және кеңес киносының классикасын шығару туралы кеңестер айтылып жатыр екен.

Бірақ онсыз да желіге салынған, мысалы, YouTube-те немесе басқа тегін ресурстарда бар фильм көрерменнің билет сатып алу, ақша жұмсау ниетіне теріс әсер етеді. Өкінішке қарай, 20 жылдан астам тәжірибе бұл форматтың жұмыс істемейтінін көрсетіп отыр.Алмаз Малдыбаев

Бұған дейін Қазақстанда 1 сәуірден бастап Kinopark-Kinoplexx Theaters кинотеатрларының желісі белгісіз мерзімге жабылғаны белгілі болды.

Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге фильм беруден бас тартады. Ал бізде 1 сәуірден бастап көрсететін ештеңе жоқ.Алмаз Малдыбаев

Голливуд студиялары Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейдегі фильмдерді жалға беруден бас тарта бастады. Мұндай шешімді Walt Disney Company, Sony, Netflix, Warner Bros компаниялары жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: