«Қазгидромет» Алматыда дауылды ескерту жасады
Сурет: pixabay
Синоптиктердің сөзінше, Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 10-11 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қар көшкіні жаңбыр жаууына және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты болады.
Жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 10-11 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар. «Қазгидромет»
Еске сала кетейік, синоптиктер 10 наурыз күні республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауатынын, ал батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайтынын хабарлаған еді.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 10-13 наурыз аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript