Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы егіс науқаны үшін диқандарға қосымша 70 миллиард теңге бөлінеді

егін, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 10:13 Сурет: pixabay
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінетін қаржыға қосымша 70 млрд теңге қосу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарының ойдағыдай өтуінің басты мәселесі шаруаларды несиемен қамтамасыз ету екенін айтты.

Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік несиелеудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінуі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолжетімді несиелеумен қамтуды ұлғайтып, қосымша 1300 шаруа қожалығын қаржыландыруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров

Айдарбек Сапаров биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмысын несиелендіруге 70 млрд теңге бюджеттік несие бөлінгенін еске салды.

Бүгінде «Кең дала» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан ресми түрде 2 673 өтініш келіп түсті. Жалпы сомасы – 77,6 млрд.теңге. Оның ішінде:

24,1 млрд.теңге сомасына ҚТЖҚ 720 өтінімі қаржыландырылды;

40,4 млрд.теңге сомасына 1748 ҚТЖҚ өтінімі мақұлданды;

13,1 млрд.теңге сомасына 205 ҚТҚБ өтініші қарастырылып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: