Жетісайда адасып кеткен бала табылды

Түркістан облысы, Жетісай, бала Сурет: pixabay
Жетісайлық полицейлер адасып жүрген баланы отбасымен қауыштырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Жетісай АПБ-нің полицейлері Жетісай қаласы көшелерінің бірінде кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап, одан мекенжайын, ата-анасының есімін сұраған. Алайда 3-4 жас шамасындағы бала өзінің есімін ғана білетін болып шықты. Баланың адасып жүргенін түсінген поилцейлер жедел оның үйін, ата-анасын табуға кірісіпті.

Ювеналды полиция тобының қызметкерлері баланы қызметтік көліктеріне отырғызып жақын маңдағы тұрғын үйлерді аралап, сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тыңғылықты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, тәртіп сақшылары жарты сағат ішінде баланың ата-анасын анықтап үлгерді. Кішкентай баланы үйіне апарып, ата-анасына аман-сау қайтарды.ТО ПД баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, ата-анасы да аулада ойнап жүрген баласын таппай әбігерге түсіп жатқан екен. Іздеп жүрген баласын полиция қызметкерлері үйіне аман-сау жіткізгені үшін ата-анасы оларға алғысын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз