Банк қызметкері клиенттердің шотынан ақша ұрлаған

смартфон, алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2022 23:13 Сурет: pixabay
Алматыда 22 жастағы банк қызметкері алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция оның бастапқыда қылмыстық ниетпен жұмысқа орналасқанын анықтады. Қызметкердің міндеттеріне клиент смартфонына мобильді қосымшаны орнатуға және ресурсқа банк картасын қосуға көмектесу кірген.

Кей жағдайларда қыз клиенттің камерасы бейне тексеруді қолдамайтынын айтып, смартфоны арқылы жеке аккаунттар ашқан.

Осылайша азамат И пайдаланушылардың жеке деректерін скриншот жасап алған. Кейін оны пайдаланып, қосымшаға кіріп, олардың шоттарынан ақшаны шешіп алған. Ол көбіне үшінші тұлғалардың картасына ақша аударған.Алматы Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов

Күдікті Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тергеліп жатыр. Оның басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: