«Басты мақсат - жастардың дамуына мүмкіндіктер жасау» – АҚДМ вице-министрі

Жастар саясаты Сурет: ҚР АҚДМ
Қазақстанда Zhas Project жастар корпусын іске асыру жобасы аяқталды, оның басты мақсаты жастардың бастамаларын әлеуметтік және жобалық қолдау болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Даниловтың айтуынша, Zhas Project қазақстандық жастардың – әлеуметтік бизнес ашу, жастардың түрлі санаттарын жұмыс орындарымен қамтамасыз ету секілді сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік берді.

«Жоба жастарымызға жаңа әлеуметтік лифтілер ұсынып, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінің дамуына үлес қосуға жол ашты. Жобаны іске асырудың әртүрлі кезеңдеріне тартылған көптеген мамандар мен ұйымдар - менторлар, жаттықтырушылар, ұйымдар, сондай-ақ жастар саясаты саласының қызметкерлері жанама бенефициарлар болды», - деп атап өтті А.Данилов.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша қызмет барынша ашықтық пен өзекті мәселелерді талқылауға ғана емес, бастамаларды іске асыруға қоғамды тарту қағидаттарына да негізделуі тиіс, жастармен өзара іс-қимыл қағидаттарын қайта қарау маңызды.

«Басты мақсат - жастардың дамуына мүмкіндіктер жасау және оларды әртүрлі деңгейдегі шешімдер қабылдау процестеріне тарту. Жастармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшудің маңызы зор: мемлекет әркімнің әлеуетін іске асыру үшін платформа жасауы тиіс, жастар онымен жұмыс істеу үшін стратегиялық басымдықтарды айқындауы керек. Өйткені, жас кезімізде әрқайсымызда өсудің түрлі жолдары барынша көп болады. Сондай-ақ, жастардың дербестігін көтермелеу, оның ішінде белсенді жастардың көмегімен мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігіне талдау жүргізу маңызды», - деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жобаны жаңартылған форматта жүзеге асыруды жалғастыру мәселесін пысықтауда. Жобаны әлеуметтік осал жастар өкілдерін, шалғайдағы ауылдар мен моноқалалардың тұрғындарын, жас әйелдерді, оның ішінде декреттік демалыстағы әйелдерді және мүмкіндікгі шектеулі жандарды қолдауға бағыттау жоспарланған.

Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз