Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның жаңа президенті болып сайланды
Түрікменстанда 12 наурызда өткен сайлауда 9 үміткер бақ сынады.
Лебап уәлаятының қаржы-экономикалық арнаулы орта мектебінің директоры Перхат Бегенжов 2,02% жинады;
Мары уәлаяты әкімінің орынбасары Ағаджан Бекмырадов 7,22%;
Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов 72,97%;
Түрікменстан Денсаулық сақтау және медицина өнеркәсібі министрлігінің Awaza санаторийінің бас дәрігері, Түркіменстан мәжілісінің депутаты Бердимаммет Құрбанов 2,22 %;
Wepaly gurluşyk шаруашылық серіктестігінің директоры Мередов Бабамұрат 1,08%;
Түрікменстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Хыдыр Нуннаев 11,09%;
Түрікменстан Демократиялық партиясы Сапармұрат Түркіменбашы этрапының Дашогуз уәлаяты комитетінің төрағасы Мақсат Одешов 1,15%;
Мақсатмұрад Овезгелдиев, Ахал облысы Бабадайхан атырабындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің басшысы 1,16%;
Түрікменстан мемлекеттік энергетика институтының «Жаңартылатын энергия көздері» ғылыми-өндірістік орталығының директоры Какагелді Атажанұлы Сариев 1,09% дауыс.
72,97% дауыс жинаған Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов Түрікменстанның президенті болып танылды, деп хабарлады Түрікменстанның Сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясы.