Тоқаев Мирзиёевпен өңірлік кооперацияны кеңейту жайын талқылады

Қазақ-өзбек әріптестігі Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың мәліметінше, екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңейтуге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілді.

Әңгіме соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз