Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеткілікті қоры бар – ДСМ

Дәрі-дәрмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 00:00 Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ-та жарияланған инсулин мен басқа да негізгі дәрі-дәрмектердің болжамды "тапшылығы" туралы мақалаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бөлшек сауда сегментінде дәрілік заттардың бар-жоғы мониторингіне сәйкес тапшылық байқалмайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Құзырлы ведомстваның атап өтуінше, препараттардың қолжетімділігі мақсатында дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді, ірі көтерме дәріхана қоймаларында қор қалыптастырылған.

2022 жылға ТМККК және МӘМС шеңберінде 11,1 млрд теңге сомаға инсулиндердің 20 атауы сатып алынды. Сонымен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында инсулиннің жеткілікті қоры бар. Айта кететін жайт, инсулиндер халыққа дәрігерлердің рецептері бойынша, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған пациенттерге тегін беріледі. Демек, бұл препараттар заттық-сандық есепте тұр. Препараттарды рецептімен босату рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларымен регламенттеледі және Министрліктің ерекше бақылауында болады. Дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Министрлік дәрі-дәрмектердің бөлшек бағасы белгіленген шекті бағалар аясында қалыптасатынын атап өтті.

Дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеудің арқасында сұраныс пен сатудың маусымдылығын, сондай-ақ жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып, бағаларды оңтайлы деңгейде ұстап тұруға болады. Дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Инсулин - бұл температура режимін сақтауды қажет ететін ақуыз.  Сондай-ақ, арнайы сақтау талаптары мен жедел жеткізу шарттары ескерілмесе, инсулин бұзылып кетуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жалған ақпарат таратпауға, дүрлікпе тудырмауға және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми көздерінен ақпарат алуға шақырамыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: