Жаңалықтар тізбегі
0

Дүниежүзі бойынша коронавирустан 6 млн адам қайтыс болған

компьютер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2022 09:23 Сурет: Zakon.kz
Пандемия басталғалы әлем халқының 470 миллионнан астам тұрғыны коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Worldometers.info сайты 2022 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша дүниежүзінде COVID-19 вирусынан 6 098 227 адам (тәулігіне+3827) қайтыс болғаны туралы ақпарат жариялады.

Сайт мәліметінше, барлығы 470 миллионнан астам адам вирус жұқтырған.

Оның ішінле дәл қазір 64 миллионға жуық адамнан вирус анықталды, 400 миллионнан астам аурудан сауықты. Өлім-жітімнің орташа көрсеткіші – 1,3%.

Бүгінде біраз ел коронавирусқа қарсы шектеулерді жеңілдетіп жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 жағдай тіркелді. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 21 адамға аз. Қазақстанның 10 өңірінде бірде-бір оқиға тіркелген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: