Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Алматыдағы Оқушылар сарайына автобус сыйлады

Тоқаев оқушылар сарайында, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2022 13:55 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Оқушылар сарайына барды. Президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижесі мен жоспары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар мемлекет басшысына Алматы қаласы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және Сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты. Ол биология және нейротехнология, гидропоника, 3D модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға сыйлықтар берді. Оның ішінде мобильді құрылғы арқылы басқарылатын кейінгі үлгідегі оқу телескопы бар. Сонымен қатар президент Оқушылар сарайына автобус сыйға тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: