Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ғимарат ішінде маска тағу міндеті алынып тасталды

маска тағу, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 19:59 Сурет: Zakon.kz
Елдегі эпидемиология жағдайының тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.   

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:   

  • үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау;  

  • медицина мекемелерінде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медицина маскасын тағу міндетін өз күшінде қалдыру;  

  • адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсыныс сипатында қалдыру;  

  • білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.

Сонымен қатар ВАК шешімімен Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтілетіні айтылды.

Отырыс соңында Е.Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақтылы иммундау және ревакцинациялау екенін айтты. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: