БҚО-да жем іздеген ақбөкендер ауыл ішінде жүр

Батыс Қазақстан облысы, ақбөкен Сурет: wikimedia
Әдетте қарайғаннан үркетін киіктер Казталов ауданының Қараоба ауылында жүр. Аштықтан бұратылған ақбөкендерге тұрғындар жем-шөп беріп, амалдауға көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kz сайтының жазуынша, жақында Теректі ауданының Подстепный ауылына да елік кіріп кеткен еді. Мамандар мұның себебін өңірде қардың қалың түсуімен байланыстырып отыр.

Орманда әлі қар өте қалың. Кей жерлерде бір жарым метрге дейін қалыңдықта қар жатыр. Дегенмен орман шаруашылықтары ​қолдан келген шараларды өткізіп жатырмыз.Январцев орман шаруашылығы мекемесінің директоры Талғат Ілиясов

Ол өзі басшылық ететін мекемеде 100 центнердей шөп әзірленіп, 25 тоннадай жем сатып алынғанын айтты. Оған күнара, екі-үш күнде бір барып, жем шашып жануарларды қоректендіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз