Қостанай облысының прокуратурасында бірқатар тағайындаулар жүргізілді
Тағайындаулар туралы ведомствоның 2024 жылғы 26 сәуірдегі ресми хабарламасынан белгілі болды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Бауыржан Абайұлы Бекбосынов тағайындалды.
Бекбосынов Бауыржан, сурет: Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
Б.А. Бекбосынов 1980 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Еңбек жолын 2002 жылы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастады.
Әр жылдары Амангелді және Қарасу аудандарының, Арқалық қаласының прокуроры, Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар және қылмыстық қудалау басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.
2021 жылдың мамыр айынан бастап облыс прокурорының орынбасары болды.
Бұдан бөлек, Қостанай облысы прокурорының орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Сүтбаев Омар Өтеубайұлы тағайындалды.
Сүтбаев Омар, сурет: Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
О.Ө. Сүтбаев 1977 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы. Еңбек жолын 1998 жылы Жаңаөзен қаласы прокуратурасының тағылымдамадан өтушісі болып бастаған.
Әр жылдары Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының прокуроры, мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры және Жаңаөзен қаласының прокуроры лауазымдарында болды.
2021 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы басқармасының бастығы болды.