Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысының прокуратурасында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

Кадрлық тағайындаулар Сурет: gov.kz
ҚР Бас Прокурорының 13 маусымдағы бұйрығымен Қостанай облысы прокуратурасы органдарының басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қаласының прокуроры болып әділет кеңесшісі Кәрімов Ринат Әбілхасымұлы тағайындалды.

  • Кәрімов бұрын Қостанай ауданының прокуроры қызметін атқарған.

  • Қарабалық ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Қарабалық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

  • Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қостанай облысы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2011-2012), Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары (2012-2015), Қостанай облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы (2017-2019), соңғы лауазымы Қостанай ауданының прокуроры (2019 – о.у.д.).

  • Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі - 18 жылдан астам.

Қостанай ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Сәрсенов Ерлан Нұрқанұлы тағайындалды.

  • Сәрсенов бұрын Қостанай қаласының прокуроры қызметін атқарды.

  • Денисов ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2008 жылы Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

  • Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы Тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2009), Көкшетау қаласы прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы (2011-2012), Орал қаласы прокурорының орынбасары (2016-2017), Қостанай облысы прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы (2017-2019), Қостанай қаласының прокуроры (2019- о.у.д.).

  • Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі - 14 жылдан астам.

 

Жітіқара ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Күзбаев Мейрам Жақсылықұлы тағайындалды.

  • Күзбаев бұрын Ұзынкөл ауданының прокуроры қызметін атқарды.

  • Сарыкөл ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қостанай облысы бойынша басқармасының прокуроры қызметінен бастады.

  • Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қостанай облысы прокуратурасы Тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы (2011-2012), Қостанай облысы прокуратурасы Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы (2014-2017), Қостанай облысы прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары (2017-2019), Қостанай облысы прокуратурасы Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы (2019-2020), Ұзынкөл ауданының прокуроры (2020-о.у.д.).

  • Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі - 17 жылдан астам.

 

Ұзынкөл ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Сағынаев Азат Нәбиұлы тағайындалды.

  • Сағынаев бұрын Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

  • Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2006 жылы Әулиекөл ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

  • Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қарасу ауданы прокурорының орынбасары (2013-2014), Арқалық қаласы прокурорының орынбасары (2014-2018), Қарабалық ауданы прокурорының орынбасары (2018-2019), Қостанай облысы прокурорының аға көмекшісі (2019-н.в.).

  • Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі - 15 жылдан астам.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз