«Спутник Лайттың» қарсы көрсетілімінен жүктілік пен емізу кезеңі алынып тасталды

Вакцина Сурет: «ҚФК» ЖШС баспасөз қызметі
"Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС жүктілік және баланы емізу кезінде "Спутник Лайт" вакцинасын алу қарсы көрсетілімдерден алынып тасталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап аяғы ауыр әйелдерді вакциналауға болады. Қарсы көрсетілім күшін жоймас бұрын ғалымдар жануарларға зерттеулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша репродуктивті кезеңде уытты әрі тератогенділік қасиеті тіркелген жоқ. "ҚФК" ЖШС баспасөз қызметі

Сондай-ақ, вакцинаны емізетін әйелдерге де қолдануға рұқсат етіледі.

Алайда, қазіргі уақытта вакцинаны құрайтын белсенді заттардың емшек сүтіне берілетін-берілмейтіндігі белгісіз. Сондықтан, препаратты қабылдағанға дейін емізулі баласы бар әйел осы вакцинацияның қауіптері мен артықшылықтарын өзіне сынап көруі керек. "ҚФК"ЖШС баспасөз қызметі

Айта кетсек, 3 наурызда "Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС "Спутник Лайт" атты коронавирусқа қарсы бір компонентті вакцина шығара бастағаны белгілі болды.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз