«Өзіміз қосылғандай болдық қой»: Қайрат Нұртас Жұлдызға гүл сыйлады

Жұлдыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2022 12:46 Сурет: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Жұлдыз Әбдукәрімова «Махаббат мұнарасы» спектаклінен соң Қайрат Нұртастан гүл алған видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұлдыз Әбдукәрімова 26 наурызда Түркістан музыкалық драма театрында қойылған «Махаббат мұнарасы» спектаклінде ойнады. Қойылым біткен соң Қайрат Нұртас Жұлдызға гүл сыйлады. Дәл осы сәт түсірілген видеоны Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Халықтың ыстық ықыласы, өнерге деген махаббаты, актерлерге деген қошеметі. Баршаңызға мың алғыс, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Сонымен бірге актриса Қайрат Нұртас сыйлаған гүлмен түскен фотосын жариялады.

Танымал жұптың бұл видеосын көрген әлеуметтік желі қолданушылары да қуанып, Қайрат пен Жұлдызды қосылды деп болжап отыр.

Сонымен қатар Қайрат Нұртастың отбасында үлкен той болды. Қайраттың інісі Заңғар үйленді. Тойға барғандар Қайрат пен Жұлдыз оңаша билеп жүрген сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жатыр. Мұны көрген халық екеуін қосылды деп қуанып, пікір білдірді.

Көздерім қуанып тұр, – деп жазды әнші, гитарист Ақсұңқар.

Қайрат пен Жұлдыздың әріптестері мен оқырманы бұл видеоны көріп, қуанып жатыр. Олар бұл жұпқа бақыт тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Ей, жандарым», – деп жазды Төреғали Төреәлі.

«Ураааа, бақытты болыңдар», – деп жазды Ерке Есмахан.

Тойда Қайрат Нұртас Жұлдызға торттан дәм татқызды. Жұптың бұл видеосы да қызу талқыда.

Желі қолданушылары мынадай пікірлер жазып жатыр:

  • Бәріміз мәзбіз. Ешқандай жұптар ажырамасын.

  • Мені айтсай, айдаладағы біреу қуанып жатырмын.

  • Өзіміз қосылғандай болдық қой. Бақыт тілеймін.

  • Керемет! Жұлдыз – тамаша келіншек.

  • Дұрыс болған екен. Бақытты болыңдар!

Еске сала кетейік, жақында Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Жұлдыз бен Қайраттың бөлек тұрып жүргені жөнінде хабар таратқан еді. Дәл сол кезде Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында Жұлдызсыз, бала-шағасынсыз атап өтті. Желі қолданушылары танымал жұп үшін алаңдап жатқанын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: