Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында жетінші «алтынды» еншіледі

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2022 21:07 Сурет: zakon.kz
Қазақстан ұлттық командасының велошабандозы Игорь Чжан Душанбеде өтіп жатқан шосседегі велоспорттан Азия чемпионатындағы топтық жарыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыс Азия чемпионаты аясындағы соңғысы болды. 175 шақырымды бағындыру мақсат етілді. Игорь Чжан спринтерлік жарыста жеңіске жетті.

Оны өкшелей қуып жеткен Нариуки Масуда (Жапония) және Жамбалжамц Ерденабат (Моңғолия) екінші және үшінші орындарға ие болды.

Осылайша, қазақстандық команда Азия чемпионатын жеті алтын, сегіз күміс және бес қола медальмен түйіндеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: