Жаңалықтар тізбегі
0

Бір тәулікте қар құрсауынан 79 көлік құтқарылды

қар, жол, көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 18:58 Сурет: видеодан скриншот
«Батпақ-Теміртау» ақылы учаскесінде "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастырумен қар құрсауынан 20 бірлік жүк көлігі (фура), 4 бірлік самосвал және 55 бірлік жеңіл көлік шығарылды. Автокөліктердің бірінде 2 бала болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастырумен бір тәулікте қар құрсауынан барлығы 79 көлік құтқарылды.

30 наурызда "РФ шекарасы (Екатеринбургке қарай) - Алматы" автомобиль жолының, атап айтқанда "Батпақ-Теміртау (ақы төлеу пункті)" ақылы учаскесінде "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастырумен қар құрсауынан 20 бірлік жүк көлігі (фура), 4 бірлік самосвал және 55 бірлік жеңіл көлік шығарылды. Жеңіл автокөліктердің бірінде 2 бала болған. Қар құрсауынан құтқарылған көліктер Теміртау қаласына жіберілді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 29-30 наурыз күндері еліміздің біраз өңірінде ауа райы қолайсыздығынан төтенше жағдайлар болды.

Бүгін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінің мамандары алматылықтар мен қала қонақтарын таулы аймақта жаяу серуендеуден бас тартуға шақырды. Алматы маңындағы тауларда жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі жоғары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: