Жаңалықтар тізбегі
0

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратпен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 18:21 Cурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Үкіметтің қаржы-экономикалық салада атқарып жатқан жұмысының негізгі бағыты туралы есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қаржының қазіргі жағдайы, жалпы елдің әлеуметтік-экоомикалық дамуы туралы ақпарат берілді.

Ерұлан Жамаубаев экономиканы монополиядан арылту және 2022 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша жұмыс туралы баяндады.

Кездесуде президенттің тапсырмаларына сәйкес кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан жедел әрі жүйелі шаралар, шетелдегі қаржыны қайтаруды және елден ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылдардың нақты тетіктері пысықталып жатқаны туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевқа бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: