Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлдағы апат: «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры қамауға алынды

Қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2022 16:52 Сурет: Zakon.kz
Петропавлда қазандық цехында мұржасы опырылып түсіп, апат орын алған №2 жылу беру орталығы қарайтын «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 1 сәуірінде ҚР Қылмыстық процессуальдық кодекстің 128-бабы тәртібі бойынша СҚО ПД қызметкерлері «СолтҚазЭнерго» АҚ-тың Бас директоры ұсталып, Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. СҚО ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ, прокуратура және облыстық ПД басшылығының жеке бақылауына алынды.

2022 жылы 20 наурызда сағат 19.20-да СҚО ТЖД-ға «СолтҚазЭнерго» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2-нің қазандық цехында мұржа опырылып түсіп, апат орын алды.

Кезекші ауысымды тексеру кезінде қазандық цехындағы құрал-жабдықтарды аралап тексеруші, 1984 жылғы машинист әйелдің жоқ екені анықталды. Кейіннен оның денесі үйінді астынан табылды.

29 наурызда аталған жылу беру орталығында тағы апат орын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: