Қарағанды облысында республикалық маңыздағы екі тас жол жабылды

Шектеу республикалық маңыздағы Қарағанды – Аягөз – Бұғаз тас жолының 49-шы шақырымында орын алған су тасқынымен байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 сәуірде сағат 21.10-нан бастап Қарағанды облысында жолды қызыл судың алуына байланысты мына тас жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тас жолының 17-60 шақырымындағы Қарағанды - Ботақара кенті учаскесі;
"Бастау-Ақтау-Теміртау" тас жолының 0-12 шақырымындағы "ҚазМұнайГаз" ЖҚС – П. Петровка учаскесі.
Бөлісу
0
Толық оқу