Жаңалықтар тізбегі
0

Президент тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 трлн теңге бөлінеді

ҚР президенті, президент тапсырмасы, үкімет, ҚР Қаржы министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 10:58 Сурет: Zakon.kz
Халықтың табысын арттыруға мемлекеттік бюджеттен 197 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасын ұсынды.

Заң жобасында мемлекет басшысының тапсырмалары, бағдарламалық құжаттардың шаралары, макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты шығыстар, сондай-ақ бұрын қабылданған кезек күттірмейтін міндеттемелерді орындауға қосымша қаражаттар ескерілді.

Бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге ұлғайтылды.

Негізгі көздер:

  •  бюджеттің өз кірістері – 1,1 трлн тг;

  •  Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайту – 1,6 трлн тг.

  • Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға қосымша 1,8 триллион теңге бөлінеді. Атап айтқанда, халықтың табысын арттыру шараларына – 197 млрд. Бұл қаражат аясында жастарды қолдау, өз ісін ашуға шағын несиелер беру, жалдамалы тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты кірістерін арттыруға бағытталған басқа да маңызды шаралар қарастырылады. Азық-түлік қауіпсіздігі жоспары бойынша іс-шараларға – 238 млрд теңге. Қосымша қаражат агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікті несиелендіру көлемін арттыруға, ауыл шаруашылығындағы басқа да мәселелерді шешуге бағытталады.Ерұлан Жамаубаев

    Өңірлерді дамытуға қосымша 76 млрд теңге қарастырылған. Бұл шығыстардың негізгі бөлігі 271 миллиард теңге немесе 57 пайызы батыс және оңтүстік өңірлерді дамытуға бағытталған.

  • Жалпы, нақтылауды ескере отырып, өңірлерге республикалық бюджеттен 5,5 триллион теңгеден астам немесе жалпы шығыстардың 29,3 пайызы бөлінеді.

  • Қосымша қаражат шеңберінде инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индексациялауға шығыстар қарастырылған. Бұл 110 миллиард теңгеден астам. Ерұлан Жамаубаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: