Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан ең зиян тағамдар тұтынатын елдер қатарында – министр

бургер, фастфуд, зиян тамақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 12:09 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында Қазақстан ең зиян тағамдар тұтынатын елдер тізімінде екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықтың тамақтану әдеттеріне келсек, тұзды тұтыну деңгейі өте жоғары екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар көкөністер мен жемістерді тұтыну күніне 200-230 грамм болса, ДДҰ ұсынған норма – 400-500 грамм. Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаның денсаулыққа зиян тағамдарды тұтынатын 21 елінің ішінде 9-орында.Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша, мысалы, 2013-2018 жылдар аралығында құрамында қант бар сусындар өндірісі 25%-ға және оларды тұтыну 13%-ға өскен.

Қазақстанда созылмалы жұқпалы емес аурулардың өсуі денсаулық сақтау жүйесіне де, жалпы ел экономикасына да салмақтың артуына ықпал етіп жатыр. Кейінгі зерттеулерге сай, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және қатерлі ісік ауруларынан мезгілсіз қайтыс болу ықтималдығы 27% болды.Денсаулық сақтау министрі

Министр қант диабетімен ауыратын адамдар саны жалпы халықтың 62%-ға жуығын құрайтынын мәлімдеді. Ажар Ғинияттың айтуынша, жұқпалы емес ауруларды азайту үшін құрамында қант бар сусындарға акциз енгізу және балалар арасындағы сколиоз мен миопияның алдын алу бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр. Жоспарларда «Салауатты асхана», «Салауатты дәмхана», «Салауатты дүкен» бағдарламаларын әзірлеу де бар.

Сонымен қатар балалардағы семіздікті эпидемиологиялық қадағалау, олардың физикалық және психикалық денсаулығына әсер ететін жайттарды зерттеу, мектеп оқушыларының өмір салты, жастар арасында психоактивті заттарды қолдану және 13-15 жас аралығындағы балалардың темекі өнімін тұтынуын зерттеу жоспарланып отыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылға қарай салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 19-дан 45%-ға дейін арттыруды, 15 жастан темекі тартатындардың үлесін 21,5-тен 19%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Балалар арасындағы семіздік ауруының 100 мың тұрғынға шаққанда 95,7-ден 90 адамға дейін төмендеуі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: